Түркістан облысында 56 жекеменшік мектеп жұмыс істеп тұр

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан қаласында орналасқан Абай атындағы №31 орта мектеп ұжымы 10-ға жуық бірінші сынып оқушыларын қабылдады. Сынып аттарын алфавит бойынша санағанда «и» әрпіне дейін барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістан облысында 56 жекеменшік мектеп жұмыс істеп тұр

Жалпы Түркістан облысында 52 мыңнан астам бала 1-сыныпқа барды.

Биыл 10 жаңа жекеменшік мектеп ашылып, білім ұяларының жалпы саны 961-ге жетті. Оның ішінде 56-сы жекеменшік.

Облыстағы барлық білім беру ұйымдары «Bilim Land» платформасына қосылған.

Сонымен қатар мектеп кітапханаларының базасын есепке алу, мектептер арасындағы кітап алмасу, электронды түрде сұраныс беру жүйесі бойынша «Е-Кітапхана» платформасы енгізілді.


2022-2023 оқу жылына оқулық сатып алуға 5 048, 738 млн теңге қаржы бөлінді.

Сондай-ақ, оқушылар санының өсуін ескере отырып жетіспейтін және ескі оқулықтар жаңартылды.

Облыс бойынша 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен 199 мектептің құрылысын салу жоспарланған.

Биыл 59 мектептің құрылыс жұмысын жүргізуге 20,7 млрд теңге қаржы қаралып отыр.

Жоспарға сәйкес жыл соңына дейін 34 мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі.

Оның ішінде, 4 апатты және 2 үш ауысымды мектептің құрылысы жүріп жатыр.