Түркістан облысында 63 мыңнан астам тұрғын Pfizer вакцинасын салдырды
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында 63 мыңнан аса адам Pfizer вакцинасын салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Соңғы тәулікте COVID-19 індетімен ауырған 2 науқас тіркелген. Өңірде коронавирусқа қарсы вакцинациялау қарқынды жүргізіліп жатыр. Жалпы облыста пандемия басталғалы КВИ-дің 15764 жағдайы тіркелді. Оның 7750-ы симптомсыз өткен. Қазір инфекциялық стационарларда 216 орын бар. Оның 142-і бос тұр.
Өңірде жалпы 1 040 032 адам өз еркімен коронавирусқа қарсы екпе қабылдаған. Екінші компонентпен 1 025 477 адам вакцина салдырды. COVID-19-ға қарсы вакцинациялау 150 екпе салдыру пункттерінде жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар Түркістан облысы Pfizer вакцинасын еккендер саны бойынша республикада 2-орында тұр. Облыста бұл екпені 63 мыңнан аса адам салдырса, 33 мыңнан аса адам ревакцинация алды.