Түркістан облысында 7 мыңнан астам қару иелері тексерілді

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат  - Түркістан облысының аумағында 17 мен 21 қыркүйек аралығында жүргізілген «Қару»  республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 64 дана заңсыз қару тәркіленді. Учаскелік инспекторлармен 7 мыңнан астам қару иелері тексеріліп,  заңсыз қару сақтау ережелерін бұзғаны үшін 429 азаматқа қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістан облысында 7 мыңнан астам қару иелері тексерілді

Қарумен жасалынатын қылмыстың алдын алу және заңсыз сақталған қаруды анықтау мақсатында ұйымдастырылған шараның 5 күнінде  туркістандық полицейлермен 2 ойықұңғылы, 55 -аңшылық, 4 газды тапанша, 2 травматикалық және 1 электрлі қару алынды. Ауыл тұрғынынан тіркелмеген 16 калибрлі аңшылық қаруы және 2 оқ-дәрі тәркіленді. Ал, Мақтарал ауданында жергілікті тұрғыннан 1959 жылы шығарылған ТОЗ-8 карабині табылған. Қазіргі таңда тәркіленген қаруларға тиісті сараптамалар тағайындалды. Барлық жайттар Қылмыстық кодекстің   «Қаруды, оқ-дәрілерді заңсыз сақтау» бабы бойынша  СДТБТ-не тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 



Иллюстрациялық фото