Түркістан облысында 70-ке тарта жылқыны айдап әкеткен барымташы ұсталды

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында мал ұрлады деген күдікпен жергілікті тұрғын ұсталды. Қазіргі таңда оның жайылымдардан 70-ке тарта жылқыны қолды етіп, жәбірленушілерге 30 млн теңге шамасында шығын келтіргені анықталып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, сезікті қылмысын Бәйдібек ауданының аумағында жасап келген.

«Бәйдібек аудандық полиция бөлімшесіне жергілікті тұрғын жайылымда жүрген 30 жылқысының ұрланғанын айтып арызданған. Дәл осы тектес арызбен полицияға тағы бірнеше адам келген. Осыдан кейін облыстық ПД криминалды полиция басқармасының тәжірибелі қызметкерлерінен арнайы жедел-іздестіру тобы құрылып, барымташыларды іздестірген. Нәтижесінде Түркістан қаласынан осы қылмысқа қатысы бар деген күдікті ұсталды. Тергеу барысында оның Бәйдібек ауданының аумағында мал ұрлығына қатысты 4 қылмыс жасағаны анықталды. Қазіргі таңда осы оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабымен («Ұрлық») іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр» делінген хабарламада.

Фото: kstnews.kz

Соңғы жаңалықтар