Түркістан облысында 76,8 мың тонна жеміс-жидек жиналды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында 30 мың гектер аумақта жеміс-жидек дақылдары мен жүзім өсіріледі. Оның ішінде жеміс - 19,5 мың гектар, жүзім - 10,5 мың гектарды құрайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыс әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, ағымдағы жылы аймақ басшысы Жансейіт Түймебаевтың тапсырмасына сәйкес, қосымша 0,94 мың гектар қарқынды бау, 0,57 мың гектар жүзім, 0,207 мың гектар жаңғақ егілді. Жалпы облыс бойынша қарқынды баудың көлемі 3,7 мың гектарды құрайды.    

Айта кетерлігі, ағымдағы жылы 85 мың тонна жеміс-жидек және 70 мың тонна жүзім жинау жоспарланып, бүгінгі таңға 76,8 мың тонна жеміс-жидек пен 22,6 мың тонна жүзім жиналды. Жинау жұмыстары әлі де жалғасуда. Жиналған өнімдер негізінен республиканың аймақтары мен көрші мемлекеттерге жөнелтілуде.null

Жалпы, бау шаруашылығынан түсетін табыс мақта шаруашылығымен салыстырғанда 2,5 есе, ал бақша шаруашылығымен салыстырғанда 2 есе артық болатындықтан, бау шаруашылығын өркендету ісі облыста қарқын алып, алдағы уақытта қарқынды баудың егіс көлемін 10 мың гектарға дейін ұлғайту жоспарланып отыр. null

null

Соңғы жаңалықтар
telegram