Түркістан облысында 76 жастағы қария табылмай жатыр
ТҮЛКІБАС. ҚазАқпарат - Түркістан облысы Түлкібас ауданы Қызылту ауылының тұрғыны Молдабек Игенбаев 5 қаңтарда үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Молдабек Игенбаев 1946 жылы туған.

Айрықша белгілері:басында қара түсті бөрік, үстінде қара түсті күртеше, қара түсті шалбар, аяғында қара түсті резеңке аяқкиім (галош) болған. Бойы - шамамен 160-167 см.
Қазіргі таңда Түркістан облысы ПД басшылығы мен Түлкібас, Сайрам полицейлері іздеу жұмысына жұмылдырылды.
Сонымен қатар еріктілер де атсалысып жатыр.
«Егер сіз жоғалған қария жайлы қандай да бір мәлімет білсеңіз немесе көрген болсаңыз, бірден 8 (72538) 5 28 37, 8 771 600 00 05 нөмірлеріне болмаса полицияның «102» нөміріне хабарласыңыз» дейді полициядан.



Фото: Түркістан облысы ПД