Түркістан облысында 889 сайлау учаскесі жұмыс істеуде

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Елімізде халық саны тығыз орналасқан Түркістан облысында сайлаушылар белсенді дауыс беріп жатыр. Өңірде 889 сайлау учаскесі ашылып, онда 1 млн 181 мың 946 адам өз таңдауын жасауға ие болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірде сайлауды жоғары деңгейде өткізу үшін 49 аумақтық сайлау бөлімшесі жұмыс істеп тұр. Ал, Түркістан қаласында бүгінгі саяси науқанға 107 мыңнан астам сайлаушы қатысуы керек.
Өңірдегі сайлаудың барысын байқау үшін облысқа 2 ұзақ мерзімдік және 43 қысқа мерзімдік шетелдік байқаушы тіркелген. Олар таңертеңнен бері облыс орталығы, аудан мен қалалардағы және ауылдағы учаскелерді аралап, сайлау барысын байқап жүр.

Соңғы жаңалықтар