Түркістан облысында ақылы автожолдың бетон қабаты көтеріліп кетті

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат- Түркістан облысында ақылы автожолдың бетон қабаты көтеріліп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістан облысында ақылы автожолдың бетон қабаты көтеріліп кетті
Видеодан алынған кадр: facebook.com/Бижігіт Кумисов

Шымкент-Ташкент бағытындағы ақылы автожолдың бетон қабаты көтеріліп, жолаушыларға біршама қиындық тудырды. Сарапхана ауылының маңында болған жағдайды видеоға түсіріп, желіге жүктеген тұрғын көліктердің асты ұрылып, дөңгелектері жарылып жатқанын жеткізді.

«Байқаңыздар! Көліктер аударылып, бір-бірімен соғысуға сәл-ақ қалып жатыр», - дейді автор.

Ал, «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ Түркістан облыстық филиалынан жолда деформациялық жіктерді кесу жұмыстары жүргізіліп жатқандығы мәлім етілді. Сондай-ақ, келтірілген қолайсыздықтар үшін көпшіліктен кешірім сұрады.