Түркістан облысында асфальт-бетон зауыты іске қосылды

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында жаңадан салынған асфальт-бетон зауыты іске қосылды. Кәсіпорын грециялық «Soldatos» ЖШС-гі мен «Түркістан» ӘКК» АҚ-ның филиалы - «TURKISTAN INVEST» инвестициялық компаниясының бірлесіп атқарған жұмыстары нәтижесінде ашылып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«TURKISTAN INVEST» инвестициялық компаниясы баспасөз қызметінің мәліметінше, жобаны жүзеге асыру мақсатында тартылған инвестицияның жалпы құны 300 млн теңгені құрайды.  Зауыт Мақтарал ауданындағы индустриалдық аймақтың 3 гектар жер аумағында салынған. Жобаның жоспарланған жылдық қуаттылығы - 20 мың тоннаны құрайды. Өндіріс басына 30 адам тұрақты жұмысқа тартылып отыр. Алдағы уақытта дайын өнім Қазақстан бойынша сатылады деп жоспарланған.

null 

Соңғы жаңалықтар
Референдум