Түркістан облысында автогаз қымбаттамайды - әкімдік

None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат- Түркістан облысында автогаз қымбаттамайды. Бұл туралы Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Сәкен Далиев мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістан облысына сұйықтылған газдың сұранысы айына 12 000 тоннаға жуық көлемді құрайды. Ал, күнделікті тұтыну көлемі 420 тоннаның төңірегінде.

Басқарма басшысының сөзінше, өңірдегі сұйытылған автогаздың көлемі жеткілікті. Алдағы уақытта да тапшылық туындамайды.

«Сәуір айына 10236 тонна, мамыр айына 12359 тонна, маусым айына 10739 тонна сұйытылған мұнай газ Түркістан облысына бөлініп отыр. Бағасы да тұрақты. Түркістан облысы аумағында сұйытылған автогаздың литрі 60-65 теңгенің көлемінде сатылып жатыр. Алматы, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Абай облыстарында тариф өседі деп жоспарлануда. Ал, біздің өңірде әзірге ондай жоспар жоқ. Көлемі де жеткілікті. Зауыттан күніне 16 вагоннан Түркістан облысына жіберіліп жатыр» -деді Сәкен Далиев.

Айта кетейік, бүгінде өңірде балон газын қолданатын 140 536 тұрғын үй бар. Сондай-ақ, 50 000 астам жеңіл көлік, 1500 жуық жүк тасымалдайтын және 1000-ға жуық жолаушы тасымалдайтын көлік сұйытылған автогазды тұтынады.


Соңғы жаңалықтар
telegram