Түркістан облысында азық-түлік бағасының өсуін тежеуге 1,3 млрд теңге бөлінді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының өсуін тежеу үшін 1,3 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістан облысында азық-түлік бағасының өсуін тежеуге 1,3 млрд теңге бөлінді

«Түркістан облысы бойынша «айналым схемасына» 1 300,0 млрд теңге бөлінді. «Айналым схемасы« аясында тауар өндірушілерге 640 млн теңге, атап айтқанда, «Magnum Cash&Carry» ЖШС-не 200 млн теңге, «Әли Сауда» ЖШС-не 300 млн теңге, «Чудо-П» ЖШС-не 70 млн теңге және «Сайрам сүт» ЖШС-не 70 млн теңге берілді», - делінген министрлік ақпаратында.

Айта кетейік, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның өсуін тежеудің тиімді құралдарының бірі сауда нысандарына «айналым схемасы» арқылы жеңілдікпен кредит беру, яғни әкімдіктердің сауда жүйесіне қатысушылар үшін жеңілдікті пайызбен қарыз қаражатын бөлуі болып саналады.

Бұл сауда желілеріне жергілікті өндірушілерден сатып алынатын өнім көлемін, оның ішінде форвардтық келісімшарттар жасасу арқылы кеңейтуге, ал өндірушілерге өз тауарларына босату бағасын белгілеуге мүмкіндік береді. Жеңілдікті қарыздар ала отырып, сауда желілері өнімнің жекелеген түрлерінің белгілі бір көлеміне бағаны ұстап тұру бойынша қарсы міндеттемелерді өзіне алады. Нәтижесінде бұл тауарлар нарық бағасынан орташа 15-20 пайызға төмен бағамен сатылады.