Түркістан облысында балабақша қызметкерлерінің жалақы қарызы 25 желтоқсанға дейін төленеді

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында балабақша қызметкерлерінің жалақы қарызы 25 желтоқсанға дейін төленеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістан облысында балабақша қызметкерлерінің жалақы қарызы 25 желтоқсанға дейін төленеді

Түркістан облысында балабақша қызметкерлері соңғы айда жалақыларын уақытылы ала алмай қалған болатын. Тәрбиеленуші балалардың контингент санына байланысты жыл соңына қосымша қаржы қажеттілігі туындаған. Аталған мәселе бүгін өткен облыстық мәслихат сессиясында қаралды. Тиісті қаржылар облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасына толығымен бөлінді. Берешек қаржылар бойынша төлем 2022 жылдың 25 желтоқсанына дейін жүргізілетін болады.

Бұл туралы баяндама жасаған облыстық экономика және стратегиялық даму басқармасының басшысы Қ.Қайыпбек мәлімдеді.

Жалпы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті он тоғызыншы сессиясында 24 мәселе қаралды.