Түркістан облысында бәйшешек гүлдеп жатыр

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысының Бәйдібек ауданында бәйшешек гүлдеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістан облысында бәйшешек гүлдеп жатыр

Көктем гүлі Боролдай елдімекенінің шетіне жайқалып шыға бастады. Қазір өңірде сынап бағанасы түнде 0-ден жоғары болып, күндіз 16 градусқа дейін жылы болып тұр.

«Былтыр да бәйшешек ақпанның басында гүлдеп, елді таңғалдырған еді. Көктемді жақындататын бәйшешек өзінің нәзіктігімен, сұлулығымен ерекшеленеді», - дейді синоптиктер.