Түркістан облысында бей берекет тасталатын қоқыс көбейіп кеткен

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында бей берекет тасталатын қоқыс көбейіп кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Түркістан облысы бойынша экология департаментінің басшысы Қанат Қалмахан берген мәліметке сүйенсек, жалпы «ғарыш сапары» түсіріліміне сәйкес облыс аумағында 373 заңсыз стихиялық қоқыс орындары анықталған. Оның 23 қалдық тұрмыстық қалдықтар полигондары. Қазіргі кезге дейін олардың 56 пайызы тазаланған.

Сондай-ақ, ғарыштық түсірілімнен Арыс ауданының аумағында қоқыстардың көптігі көрінген. Себебі мұндағы апатты жағдай орын алған сәтте бұзылған ғимараттардың қалдықтары аудан аумағына тастала берген.

Ал, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қайрат Абдуалиев «халық санының артуымен, қатты тұрмыстық қалдықтардың да көлемі көбейген» - дейді.

«2022 жылдың 6 айдың қорытындысымен жалпы 47 140 тонна қалдық жинақталып, оның 7 108 тоннасы қайта өңдеуге бағытталды. Облыс бюджет есебінен үстіміздегі жылы 6 полигонды санитарлық-экологиялық талапқа сәйкес келтіру үшін ЖСҚ дайындалды. Сондай-ақ, аудандық бюжеттен 2022 жылы 37 полигонның құрылысын жүргізу үшін ЖСҚ әзірлеуге қаржы қарастырылып отыр» - деді ол.


Соңғы жаңалықтар