Түркістан облысында бір тәулікте 2,5 мыңға жуық адам коронавирусқа тест тапсырды

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Соңғы апта ішінде Түркістан облысында коронавирус жұқтырғандар саны өскен. Бұл туралы облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістан облысында бір тәулікте 2,5 мыңға жуық адам коронавирусқа тест тапсырды

Басқарма басшысының айтуынша, бүгінде өңірдегі инфекциялық стационарларда 6 науқас Covid-19 инфекциясынан және 28 адам вирусты пневманиядан ем қабылдауда. Зертханаларда өткен тәулікте 2 233 адам коронавирустық инфекцияға сынама тапсырған.

«Екеуінен оң нәтиже шықты. Бүгінгі таңға облыста тест қалдығы 76 763-ті құрайды. Жалпы, Түркістан облысында пандемия басталғалы бері COVID-19 індетін жұқтырған 3 461 науқас тіркелген. Жазылып шыққандар саны 3 378. Індеттің ықтимал екінші толқынына дайындық мақсатында өңірде медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасы үздіксіз жабдықталуда»,-деді Марат Пашимов.

Облыста тағы 8 ауруханада қосымша оттегі станциялары орнатылған. Сондай-ақ, 80 бірлік оксигенация аппараты (HI-FLOW) сатып алынды. Бұдан бөлек, оттегі концентраторларының саны 900-ге жеткізіліп, оттегі нүктелерінің саны 2 095 нүктеге дейін арттырылған. Барлық емдеу мекемелерінде 2-3 айлық дәрі-дәрмек қоры дайын. Жедел-жәрдем қызметіне 122 автокөлік қамтамасыз ету жоспарланып, бүгінгі күнге 77 автокөлік жеткізілді.