Түркістан облысында дәрілік шөпті заңсыз қазған 130-дан астам шетелдік ұсталды

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында емдік қасиеті өте жоғары дәрілік «Кеурек» шөбін заңсыз қазған 130-дан астам шетелдік ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістан облысында дәрілік шөпті заңсыз қазған 130-дан астам шетелдік ұсталды

Түркістан облысының полицейлері жүргізген рейд барысында Отырар ауданында 33 Тәжікстан азаматы, Арыс ауданында 101 Өзбекстан азаматы заңсыз жұмыс істеп жүргендігі анықталған. Олар ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-бөлігімен «Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы» бойынша жауапқа тартылды.

Сонымен қатар «Кеурек» шөбін қазуға заңсыз шетелдік жұмыс күшін тартқан Қазақстан Республикасының 2 азаматы анықталып, оларға ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабымен «Шетелдiк жұмыс күшiн және еңбекшi көшiп келушілерді Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып тарту» бойынша хаттама түзілді.