Түркістан облысында екі ауылдың атауы өзгереді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Түркістан облысында Сіргелі және Әл-Фараби ауылдары пайда болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сарыағаш ауданы, Қабланбек ауылдық округіндегі Чичерино ауылы Сіргелі ауылы; Мақтаарал ауданы, Мақтаарал ауылдық округіндегі Қаз ССР-нің 40 жылдығы ауылы Әл-Фараби ауылы болып қайта аталсын», - делінген ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында жарияланған Түркістан облысы әкімінің қулысында.

Аталған ауылдардың атауын өзгерту жергілікті халықтың пікірін ескере отырып қабылданған.

Түркістан облысы әкімдігінің қаулысы мен Түркістан облыстық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Соңғы жаңалықтар