Түркістан облысында еріктілер сақтық шараларын жүргізуге қолғабыс етуде

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысының еріктілері өңірде сақтық шараларын жүргізуге қолғабыс етуде. Төле би ауданында жастар халық көп шоғырланатын орталықтар мен базарларда, автобекетте бетперде таратуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Төле би ауданындағы медицина колледжінің еріктілері 100 дана медициналық сақтық бетпердесін қолдан тігіп, көпбалалы отбасыларына беруде. Жастар сондай-ақ, қоғамдық орындарда арнайы дайындалған жадынамаларды таратуда. Соынмен қатар, түсіндіру жұмыстарымен де айналысалды.

Ал, Созақ ауданы Ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» мен «JasOtan» жастар қанатының және «Value» волонтерлер ұйымының ұйымдастыруымен Қайнар ауылындағы отбасына көмек көрсетілді. Тұрмысы төмен отбасы бір реттік азық-түлікпен қамтамасыз етіліп, жанұя мүшелері дер кезінде қолдау көрсеткен жастарға алғыс айтты.



Соңғы жаңалықтар