Түркістан облысында есептен шығарылған 12 000-нан астам Ресей номерімен жүрген көлік бар

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат- Жыл басынан бері облыста Ресейлік көліктерімен 50 000-ға жуық құқықбұзушылық анықталып, 150 жол-көлік оқиғалары орын алған. Оның ішінде 52 адам жол-көлік оқиғалары кезінде қаза тапқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістан облысында есептен шығарылған 12 000-нан астам Ресей номерімен жүрген көлік бар

10 қарашадан бастап ҚР Ішкі істер министрлігінің тапсырмасымен республиканың барлық аймағындағы Полиция департаменттерінде call-орталықтар жұмыс істей бастады. Яғни әр аймақ бойынша тұрғындар шетелдік көлігіне қатысты кез-келген сұрағы бойынша хабарласып, толық мәлімет ала алады.

Түркістан облысының полицейлеріне шетелдік нөмірі бар автокөліктерді тіркеу бойынша 2 күн ішінде 200-ге жуық адам жүгінген.