Түркістан облысында каналға түсіп кеткен бүлдіршін құтқарылды

None
None
КЕНТАУ. ҚазАқпарат- Түркістан облысы, Кентау қаласында екі жасар бүлдіршін каналға құлап кеткен. Ол каналдың құбырына тұрып қалып, тұншығып қала жаздаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық Тһтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға бүгін кешкі сағат 19:47 шамасында болған.

«Бүлдіршін Кентау қаласы, Хантағы ауылындағы көлемі 500 мм болатын суару құбырына құлап кеткені туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына барған кезде ересектердің қарауынсыз қалған бала құбырға 15 метр қашықтықта тұрып қалғаны анықталған. Оны құтқару шараларына облыстық ТЖД 3 қызметкері және 1 бірлік техника шыққан. Құтқарушылар құбырға кіріп, баланы алып шыққан. Сөйтіп жедел жәрдем қызметкерлеріне табыстады», - делінген хабарламада.

Дәрігерлер баланың жағдайын орташа деп бағалаған. Қазір бүлдіршін медицина қызметкерлерінің жіті бақылауында.

Сыған дейін Түркістан облысында Шығыс шеңбері атты жаңа туристік маршрут әзірленіп жатқаны туралы жазылды.



Соңғы жаңалықтар