Түркістан облысында қар құрсауында қалып қойған 14 жолаушы құтқарылды
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында қар құрсауында қалып қойған 14 жолаушы құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Төлеби ауданындағы Көксәйек-Нысанбек тас жолының 7-шақырымында 14 адам қар құрсауында қалып қойған. Оның ішінде 4 бала бар. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жолаушыларды қауіпсіз жерге алып шығып, алғашқы көмек көрсетті. Сондай-ақ, қар ішінде қалып қойған 7 автокөлікті жол жиегіне алып шықты.
«Төтенше жағдайлар департаментінің 4 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылды. Жолаушылар Көксәйек ауылындағы №16 Өрт сөндіру бекетіне жеткізілді. Қазіргі кезде «Оңтүстік жолдары» МКҚ-нің 3 қызметкері мен 2 техникасы жолдарды тазалау жұмыстарын жалғастырып жатыр», -делінген Түркістан облыстық ТЖД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.






Фото: gov.kz