Түркістан облысында қоғамдық тамақтану орындарының қызмет көрсету уақыты өзгерді

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында бірқатар карантин талаптарына өзгерістер енгізілді. Өңірдің бас санитар - дәрігерінің қаулысына өзгерістер енгізіліп, қоғамдық тамақтану орындарының қызмет көрсету уақыты кешкі сағат 22:00-ге дейін ұзартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістан облысында қоғамдық тамақтану орындарының қызмет көрсету уақыты өзгерді

Жаңа қаулыға сәйкес, мейрамханалар мен дәмханаларда келушілерге әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып қызмет көрсетуге рұқсат берілді. Сондай-ақ, ашық ауада және жабық бөлмеде залда келушілері 50-ден аспайтын орындарға (ұжымдық іс-шараларсыз) да рұқсат берілді. Ал, Халыққа қызмет көрсету орталықтарының (ХҚКО) жұмысы (оның ішінде арнайы ХҚКО), жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, ҚР Еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жұмыстары тоқтатылатын болды.

Сауда-ойын-сауық орталықтарындағы (жеке бөлмелерде) қоғамдық тамақтану нысандары жұмыс және демалыс күндері сағат 09.00-ден 21.00-ге дейін қызмет көрсететін болды. Барлық сыныптардың оқушыларын аралас оқытуға (сыныпта 25 оқушыдан асырмай, персонал маскалық режимде, термометрия, күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режим, іс-шараларды өткізбеу, алып келушілер мен ата-аналардың болуына жол бермеу) контингенті 300-ге дейінгі қалалық және ауылдық мектептерде сыныптардағы балалар санын 25-тен асырмай, дәстүрлі форматта оқытуға рұқсат етілді. Білім беру ұйымының әкімшілігінің шешімі бойынша, топтарда 15 адамнан асырмай сабақтан тыс мезгілде оқушыларды жеке оқытуға рұқсат етілді.