Түркістан облысында құдалық жасаған тұрғын айыппұл төлейді
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Түркістан облысы Қазығұрт ауданында 50-ден астам адамды жинап, құдалық жасағандар анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазығұрт ауданының полицейлері тұрғынның үйлердің бірінде болып жатқан құдалық тойын анықтады.
Тойға 50-ден астам қонақ жиналған. Мобильдік топ келген қонақтарға адамдар көп жиналатынорындарға бармауын, той-жиындарға қатыспауын ескертіп, тойды тоқтатты.
Той иесіне қатысты іс-құжаттар жинақталып, заңды шешім қабылдау үшін
тиісті орынға жолданды.