Түркістан облысында күдіктіден шолақ мылтық пен оқтар тәркіленді

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында күдіктіден шолақ мылтық пен оқтар тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
Фото: polisia.kz

Түркістан облысы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасына атыс қаруын заңсыз сақтау дерегі бойынша жедел ақпарат түскен. Қылмысты ашу мақсатында тәжірибелі полицейлер жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде күдікті ретінде жергілікті тұрғын анықталып, ұсталды.

Жедел уәкілдер күдікті мен оның «Дэу Нексия» маркалы автокөлігін тінту кезінде қос ұңғылы шолақ мылтық пен 3 оқ тапты.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі «Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша тіркелді. Автокөлік айыптұраққа қойылды.

Қазіргі уақытта қаруды заңсыз сақтау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


Соңғы жаңалықтар