Түркістан облысында күдіктіні ұстап алған тұрғындар өздері жазаламақ болды

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында «ақша ұрлады» деп күдікке ілінген ер адамды тұрғындар жазаламақшы болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Әлеуметтік желіде базар ішіндегі жанжалдың видеосы тарады. Онда тұрғындар «ақша ұрлады» деп күдікке ілінген ер адамды өздері жазаламақшы болған. Қауіптен қашқан күдікті жүк көлігінің астына тығылып бой тасаламақ болса да, көпшілік сүйреп сыртқа шығарып алған. Кейіннен оқиға орнына келген тәртіп сақшыларына тапсырды.

Бұл жағдай Сайрам ауданындағы мал базарда болған. Видео авторларының айтуынша күдікті бес адамның ақшасын ұрлап кеткен.

Ал, Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мал базардағы жанжал бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын жеткізді.

«Аталған оқиғаға қатысушылардың жеке басы анықталып, олардан жауап алынуда. Сонымен қатар ұрлық фактісі бойынша полицияға ешқандай арыз-шағым түскен жоқ. Қазіргі уақытта ер адамды ұрып-соққан адамдарға қатысты қажетті іс-шаралар кешені жүргізілуде, нәтижесі бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданатын болады»-делінген ақпаратта.

View this post on Instagram

A post shared by Түркістан Обылысы 🇰🇿 (@turkestan_da)

Соңғы жаңалықтар