Түркістан облысында қылмыстық топ көлік және компьютер ұрлығымен айналысып келген
Шымкент қаласы тұрғындарынан құралған топ қылмысын Сайрам ауданында жасап келген. Алдымен ойынхананың 9 компьютерін, кейіннен мектептің 7 ноутбугын қолды еткен. Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде топтың төрт мүшесі де ұсталды. Жеке тұлғаларын анықтау барысында олардың бұрын сотталғаны мәлім болды.
Тәртіп сақшылары сондай-ақ ұрланған заттарды сатып алып отырған Түркістан облысының тұрғынын да қолға түсірді. Қазіргі таңда осы топтың 20 ұрлық дерегіне қатысы бары және жәбірленушілерге 10 млн теңгеден аса шығын келтіргені анықталып отыр.
Айғақты заттар тәркіленіп, сезіктілерге қатысты Қылмыстық кодекстің 188-бабы «Ұрлық» және 200-бабы «Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын иеленіп алу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.