Түркістан облысында медицина қызметкеріне қоқан-лоқы көрсеткен адам ұсталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысы Мақтаарал ауданында медицина қызметкерін қорқытқан ер адам әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысында медицина қызметкеріне қоқан-лоқы көрсеткен адам ұсталды

Әлеуметтік желіде Мақтаарал ауданында белгісіз ер адам медицина қызметкерін қорқытып жатқан бейнежазба таралған болатын. Аталған жайт Мақтаарал АПБ-не «Қорқыту» бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Оған қоса құқықбұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген төтенше жағдай кезінде қасақана медицина қызметіне бағытталған «ұсақ бұзақылық» жасағаны үшін хаттама толтырылды. Аудандық соттың қаулысымен бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды.