Түркістан облысында «Мектебіңе домбыра сыйла» акциясы басталды

Фото: None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында «Мектебіңе домбыра сыйла» акциясы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістан облысы, Түлкібас ауданында «Мектебіңе домбыра сыйла» атты акция бастау алды. Макаренко атындағы жалпы орта мектебіннен бастау алған игі шара Азаттық ауылындағы «Түркібасы» жалпы орта мектебінде жалғасын тапты. Өнегелі іс-шараға ел ағалары мен мектеп ұжымы қатысты.

Береке мен бірліктің, бауырмалдық пен достықтың мерекесі Наурыз мейрамымен жиналған қауымды құттықтаған аудан әкімі Нұрлан Байғұт 15 оқушыға домбыра сыйға тартты. Мектепішілік домбыра үйірмесіне қатысушы оқушылар алдағы уақытта осы домбырамен өнер көрсетпек. Аталған шара алдағы уақытта эстафета ретінде өз жалғасын табады.

Мәдени шарада ел ағалары мектеп оқушыларын өнерге баулу мақсатында жүзеге асып жатқан акцияға ризашылығын жеткізді.


Соңғы жаңалықтар