11:56, 20 Тамыз 2022 | GMT +5
Түркістан облысында мектеп формасы мен кеңсе заттары төмен бағада сатылып жатыр
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат- Бүгін Түркістан облысында мектеп жәрмеңкесі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Таңертеңгі сағат 9:00- ден бастап Түркістан облысына қарасты әрбір аудан орталығы мен қалада мектеп жәрмеңкесі өтіп жатыр.
Онда мектеп формалары мен оқушыларға қажетті кеңсе тауарлары арзандатылған бағамен саудалануда.
Мәселен, Түлкібас ауданы Тұрар Рысқұлов ауылының орталық алаңында отандық тауар өндірушілер жасап шығарған кеңселік құрал-жабдықтар 10%-дан 15%-ға дейін төмен бағада сатылып жатыр.
Ал, мектеп формасы мен аяқ киімге - 10%, сөмкелерге - 50%-ға дейін жеңілдік жасалған.
Тұрғындарға ыңғайлы болуы үшін арнайы киімді киіп көретін орындар әзірленген.
Ал, мәдениет үйінің қызметкерлері әсем әндер шырқап, жәрмеңкені жан-жақты насихаттап отыр.