16:15, 07 Маусым 2023 | GMT +5
Түркістан облысында мектеп оқушыларына кортеж ұйымдастырған жүргізушілер жазаланды
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында мектеп оқушыларына кортеж ұйымдастырған жүргізушілер жауапқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға Төле би ауданында болған. «Tоyota Alphard», «Tоyota Land cruzer 200», «Tоyota Camry», «Mersedes Benz», «Chevrolet Cruze», «Ваз-21099» автокөліктері кортеж жасап, мектеп бітіруші түлектерді алып жүрген.
Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері автокөлік басқару кезінде жолаушылардың қауіпсіздігін сақтамай, тасымалдау ережелерін бұзған көлік иелерін жауапқа тартты.
«Жүргізушілерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 5-бөлігі бойынша 4, 593-бабы 1-бөлігімен 7, 595-бабы 1-бөлігімен 3 әкімшілік хаттама толтырылып, автокөліктер айыптұраққа қойылды. Бұл бағытта жұмыстар жалғасып жатыр», - делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.