Түркістан облысында мектепті жылытпақ болған екі жұмысшы уланып қалды
Облыстық ТЖД мәліметінше, қайғылы жағдай 8 қаңтар күні күндізгі сағат төрттер шамасында орын алған. Шардара ауданындағы жанармай бекетінің екі жұмысшысы мектеп-лицейдің жылу жүйесіне қажетті сұйық отынды құюға келген. Сол кезде екеуі де отынның иісінен уланып қалған. Қазір аудандық аурухананың дәрігерлері аман қалған жігіттің жағдайын ауыр деп бағалап отыр.
«1993 жылы туған науқас мұнай өнімдерінен токсикологиялық уланудың ауыр түрі және бас миының токсикологиялық ісінуі диагнозымен келіп түсті. Аспирациялық ауру белгісі мен 2-дәрежелі экзотоксикалық есін білмеу байқалып отыр. Жағдайы өте ауыр. Жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Қазіргі таңда токсикологиялық дәрігерлерден кеңес алынып, қажетті емдік шаралар көрсетіліп жатыр» делінген облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарламасында.