Түркістан облысында оқушылары КВИ жұқтырған 4 сынып онлайн оқуға жіберілді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында әзірге ешқандай мектеп крантинге алынған жоқ. Бұл туралы өңірің бас санитар дәрігері Нұрбек Нышанов орталық коммуникациялар қызметде өткен брифингіде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Түркістан облысы бойынша 1-9 қыркүйек аралығында мектеп оқушылары арасында коронавирус жұқтырудың 68 жағдайы, мектеп-интернат ұжымының арасында 2 жағдай, мектеп мұғалімдерінің арасында 16 жағдай, балабақша тәрбиеленушілерінің 2 жағдай, балабақша тәрбиешілерінің арасында 2 жағдай, колледж студенттерінің ішінде 2 жағдай, ЖОО-да және басқа қызметкерлердің арасында 10 жағдай тіркелді», - деді бас санитар.
Дегенмен, оның айтуынша, аталмыш жағдайлардың мектеп процесіне ешқандай қатысы жоқ.
«Олардың бәрі мектепке дейінгі инкубаиялық кезеңд, үй жағдайындағы қарым-қатынаста болған. Яғни, ауру жұқтыру процесі оқуға дейін болған. Карантин әзірге ешқандай мектепке қойылған жоқ. Тек бір мектептің 4 сыныбын онлайн оқыту туралы қаулы қабылданды», - деді Нұрбек Нышанов.