Түркістан облысында өртке қарсы күрес жұмыстары күшейтілді

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Түркістан облысында жыл басынан бері 7 орман өрті тіркелген. Қазіргі таңда төтенше жағдайлардан келтірілген жалпы материалдық шығыны анықталуда.

Түркістан облысында өртке қарсы күрес жұмыстары күшейтілді

Осы сияқты келеңсіз жағдайларды болдырмау мақсатындатиісті жұмыстар атқарылуда. Бұл туралы бүгін облыстық ТЖД өрт қауіпсіздігісаласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының бастығы Бақытжан Запаров өңірлік коммуникациялық қызметіндегі баспасөз жиынында мәлімдеді.

Оның сөзінше, аймақ басшысы Жансейіт Түймебаевтың жазғы өрт қауіпті кезеңінде облыс аумағында өрт қауіпсіздігінқамтамасыз ету мақсатында берген тапсырмалары жоспарға сәйкес орындалуда.

«Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес Бадам орман шаруашылығында тиісті мекемелердің қатысуымен созылмалы табиғи өрттерді сөндіру бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізіліп, табиғи өрттерболған жағдайда барлық күштер мен құралдардың жұмылдыру тәртібі пысықталды.  Сондай-ақ, облыс аумағындағыорман қоры жерлерінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында орманшаруашылықтарымен бірлескен іс-қимыл жоспары бекітілді», - деді Бақытжан Запаров.

2018 жылға облыс аумағында орман жәнедала өрттерін дер кезінде анықтау мақсатында ғарыш мониторингіне жалпы 6,5 млн теңге қаржы қаралып, тиісті мекемемен келісімшарт түзілген. Сонымен қатар,орман-дала өрттерін дер кезінде сөндіру мақсатында қала, аудан әкімдіктерітиісті ауыл округтерінде жалпы 9713 адамнан тұратын 851 ерікті өрт сөндіру құрылымдарын құрылған.

Одан бөлек, шалғай жатқан елдімекендердегі дала өрттерін сөндіру үшін барлық аудандарда бір соқалы трактормен бірге 3 тонна суы бар тіркемелі бөшкелермен жалпы 23 уақытша бақылайтын өртсөндіру бекеттері құрылған.

Сонымен қатар, облыс аумағында орман және дала өрттеріне жол бермеу мақсатында республикалық маңызы бар автомобильжолдарында 802 шақырым, облыстық маңызы бар автомобиль жолдарында 2804 шақырым, аудандық маңызы бар автомобиль жолдарында 2432 шақырым, теміржол бойларында 477 шақырым, орман қоры жерлерінде 8595 шақырым және астық алқаптарында 6235шақырым өртке қарсы ені 7-12 метрді құрайтын минералды жолақ жырту жұмыстары жүргізілген.