Түркістан облысында өз жұмыс орнына ұрлыққа түскен күдікті 3 жылға сотталды

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат- Түркістан облысында өз жұмыс орнына ұрлыққа түскен күдікті 3 жылға сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістан облысында өз жұмыс орнына ұрлыққа түскен күдікті 3 жылға сотталды

Оқиға тамыз айында Жетісай ауданында орын алған. Өз жұмыс орнына ұрлыққа түскен жігіт, кассадан 6 млн теңгені қолды қылған.

Полицейлердің тергеу әрекеттері барысында, күдіктінің бұрын сол жерде жүк тасушы болып жұмыс істегені анықталды. Ол сол күні қойма ішіне кіріп, 5 сағаттай жұмысшылардың үйіне қайтқанын күтіп отырған. Іште ешкімнің қалмағанына көз жеткізгеннен соң сусындар қоймасының терезесінен кассаға өтіп, 6 млн теңгені сөмкесіне салып алып кеткен.

«Аталған іс бойынша жан-жақты тексеру шараларын атқарып, дәлелдемелерді жинақтаған полицейлер іс құжаттарын айыптау актісімен бірге сотқа жолдады. Нәтижесінде сот үкімімен 23 жастағы күдікті ҚР КҚ-нің 188-бабы 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған қатысты 3 жыл 3 ай мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды»-делінген Түркістан облысы полиция департаменті таратқан ақпаратта.