Түркістан облысында Pfizer вакцинасымен егілгендер саны 7 мыңнан асты

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында коронавирус инфекциясына қарсы «Pfizer» екпесін салу жұмыстары 15 қарашадан басталды. Бүгінге дейін 12-17 жас аралығындағы 5513 жасөспірім, 1222 жүкті әйел және 496 лактация кезеңіндегі аналар екпемен қамтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістан облысында Pfizer вакцинасымен егілгендер саны 7 мыңнан асты

Жыл басынан бері облыста 14- жасқа дейінгі 322 бала коронавируспен ауырып, 209 сыныпқа карантин жарияланған болатын.

Мамандардың айтуынша эпидемиологиялық тексеру кездерінде белгілі болғандай, балалардың көбісі Covid-19 инфекциясын науқас ата-аналары мен және білім мекемелерінде байланыста болғанда жұқтырған.
Сондықтан ересектердің ғана емес, жасөспірімдердің де коронавирусқа қарсы иммунитетін көтеру маңызды.
Айта кетейік, Түркістан облысына «Pfizer» вакцинасының 17550 дана мөлшеріндегі екінші партиясы жеткізілген.