Түркістан облысында прокуратура айыппұл өндіруді қадағалауды күшейтті
Облыстық прокуратураның жүргізген талдауы өткен жылы әкімшілік айыппұлдың өндірілу деңгейі төмендегенін көрсеткен. Бұл сот орындаушыларының мәжбүрлеп өндіру шараларын уақтылы әрі пәрменді жүргізбейтінін айғақтаған.
Аталған кемшілікті жою мақсатында өткен жылы облыс прокуратурасы уәкілетті органдарды үйлестіру арқылы айыппұлды қасақана төлемеушілердің лицензиялары мен жүргізу куәліктерін, мүліктерін анықтауға бағытталған бірлескен іс-шараларды ұйымдастырған.
Одан бөлек, әкімшілік айыппұлды өрескел төлемеген автокөлік иелерін анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар ұйымдастырып, әрбір пәтер мен үй иелеріне айыппұлды төлеу қажеттігін түсіндірген.
Анықталған құқық бұзушылықтарға қатысты 31 наразылық пен 71 ұсыныс енгізіліп, тәртіптік жауапкершілікке 39 қызметкер тартылған. Тағы 6 тұлға әкімшілік жазаға тартылып, 7 мыңнан астам құжат прокурорлық шаралармен орындалған.