Түркістан облысында республикалық «Ой дода» интеллектуалды сайысы өтті
Интеллектуалдық сайыс биыл ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен облыстық «Жастар ресурстық орталығының» құрылғанына 10 жыл толуына арналды. Еліміздің білімді жастарының басын қосқан шарада аудан әкімі Ақментай Есбаев пен мәслихат хатшысы Арын Орынбекұлы, облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Ерасыл Әшірбайұлы сөз сөйлеп, сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Өте тартысты өткен сайыс қортындысымен үшінші орынды Түркістан облысының құрамасы, яғни, «Key To Life» командасы иеленді. Ал, екінші орынды Сайрам ауданының «Эрудит» командасы еншіледі. Бірінші орынды Алматы қаласының «Әл-Фараби» командасы жеңіп алды. Барлық командаларға аудан әкімі атынан арнайы алғыс хат және қаржылай сыйлықтар табысталды. «Үздік ойыншы», «Үздік капитан», «Үздік жауап» номинациялары бойынша да үздіктер марапатталды.