Түркістан облысында сәби бір уыс дәріні жұтып қойған

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында сәби бір уыс дәріні жұтып қойған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістан облысында сәби бір уыс дәріні жұтып қойған

Жедел жәрдем қызметкерлері мен учаскелік дәрігердің дер кезінде көрсетілген көмегінің арқасында кішкентай қыз бала аман қалды

Келеңсіз жағдай Ордабасы ауданында болған. Айшабибі есімді сәби үйінде ойнап жүріп, 15 түйір дәріні ішіп қойған. Ата-анасы тез арада жедел жәрдем шақыртқан.

Дәрігерлер санаулы уақыттың ішінде балақайға кәсіби медициналық көмек көрсетіп, емдік шаралар жасаған.

Кішкентай науқастың асқазаны жуылып, мамандардың бақылауына алынды.