Түркістан облысында сапасыз төселген жол қайта жөндеуден өтеді

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында сапасыз төселген жол қайта жөндеуден өтетін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
Фото: Түркістан өңірлік коммуникация қызметі

Әлеуметтік желіде «Жыззақ-Гагарин-Жетісай-Қызыләскер-Абай-Сарыағаш-Жібек жолы» А-15 автожолының сапасыз жөнделгендігі жайында видео тарады. Онда тұрғындар мердігерге жұмысты сапалы атқару керектігі жайында талап қойғанын көруге болады.

Кейіннен жергілікті тұрғындармен кездескен Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытов жолдың Жаңа ауыл ауылдық округіндегі бөлігінде мердігер тарапынан кемшіліктер жіберілгендігін мәлімдеді. Яғни, төселген асфальттың қалыңдығы мен ені талаптарға сәйкес келмеген.


«Алдағы уақытта «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Түркістан облыстық филиалы 47 шақырымды құрайтын А-15 автожолының Өзбекстан Республикасының шекарасынан Жетісай қаласына дейінгі аралығындағы жолды қайта жөндеуден өткізеді. Атап айтқанда, асфальттың үстіңгі қабаты фрезерленіп, қалыңдығы 5 см, ені 6 метрді құрайтын асфальт-бетон төселеді. Асфальт-бетонның қалыңдығын тексеру үшін «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» ШЖҚ республикалық мемлекеттік кәсіпорны Түркістан филиалының зертханасы жұмылдырылады»,-деді Серік Мамытов.



Соңғы жаңалықтар