Түркістан облысында саудадан заңсыз 28 мың дана пиротехника алынды
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Жаңа жыл мерекесі алдында Түркістан облысы ПД жергілікті полиция қызметі мен әкімшілік полиция қызметкерлері «Пиротехника» жедел- алдын алу шарасы аясында рейдтер жүргізуде, деп хабарлайды Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметі.
Ең көп таралған бұзушылық -пиротехникалық өнімдерді сатуға сертификаттардың болмауы және тауарларды рұқсат етілмеген жерлерде сатылуы.
Рейд басталғаннан бергі уақыт ішінде полицейлер 28 мың дана сертификатталмаған пиротехниканы тәркіледі.
20 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.