Түркістан облысында сайлау күні 60 мыңнан аса мүгедектігі бар жан дауыс береді
Бүгінде өңірдегі барлық сайлау учаскелерінде осындай азаматтарға арналған арнайы бұрыштар жарақтандырылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Әмірдин Әлішевтің айтуынша, мүмкіндігі шектеулі жандарға кабиналар орнатылып, жолақтар төселген. Сондай-ақ, барлық сайлау учаскелері мүгедектігі бар адамдардың кіріп-шығуына бейімделген. Бұдан бөлек, сайлау күні 36 инватакси және 42 әлеуметтік қызметтік көліктер жүргізіледі. Қажеттілік туындаған жағдайда демеушілер есебінен қосымша көліктер ұйымдастырылмақ.
Айта кетейік, облыста барлығы 97101 мүгедектігі бар адам тұрады. Оның ішінде 60 329-ы белсенді сайлау құқығына ие азаматтар. Осы азаматтардың ішіндегі 49734 адамға жағдай жасау талап етілмейді. Ал 10595 мүгедек адамдар үшін барлық сайлау учаскелерінде дауыс беруге қолжетімді жағдайлар жасалған.