Түркістан облысында сайлауға кандидатурасын ұсынған 6 адамның төртеуі тіркелді
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында Сенат сайлауына 6 адам өз кандидатурасын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Әмірдин Әлішевтің айтуынша, бір кандидат отбасылық жағдайына байланысты құжаттарын қайтып алған.
Содан 5 кандидат тіркелген. Ал, тексеру қорытындысымен тағы бір кандидаттың құжаттары талапқа сәйкес келмеген.
«24 желтоқсанда үгіт-насхат жұмыстары басталады. Қазір кестелері дайындалып жатыр. Кандидаттар аудан-қалаларды аралап сайлаушылармен кездесу өткізеді», - деді Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Әмірдин Әлішев.