Түркістан облысында шенеунікке 5 млн теңге пара алды деген күдік келтіріліп отыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті, Түркістан облысы бойынша білім беру сапасын қамтамасыз ету департаментінің білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Түркістан облысында шенеунікке 5 млн теңге пара алды деген күдік келтіріліп отыр

ҚР Сыбайлас жемқорлыққар қарсы әс-қимын агенттігінің Telegram каналындағы мәліметтерге қарағанда, лауазымды тұлға жеке мектеп өкілінен білім беру қызметіне лицензия беру үшін 5 млн теңге пара алды деген күдік келтіріліп отыр. Қылымыстық іс-әрекетін толық мойындауына байланысты процессуалдық ұстау қолданылған жоқ.

Сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жалғасуда.