Түркістан облысында соңғы тәулікте бір де бір адам коронавирус жұқтырмады
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында соңғы тәулікте КВИ-дің бірде-бір жағдайы анықталмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Пандемия басталғалы бері облыста індетті жұқтырудың 18 474 жағдайы тіркелген болатын. Оның 9586-да симптом байқалмаған.
Бүгінгі күнге дейін 1 047 309 адам вакцинаның бірінші компонентін салдырды.
Ал, екінші компонентін 1 045 637 тұрғын қабылдаған.
Сондай-ақ, 477 190 адам ревакцинация алды.
Ал, «Pfizer» вакцинасының І компонентін – 208 191, II компонентін – 168 445 адам қабылдаған.
Облыста ПТР зерттеулері бойынша өткен тәулікте 622-ге жуық адам тексеруден өтті.