Түркістан облысында соңғы тәулікте ешкім коронавирус жұқтырған жоқ
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат- Түркістан облысында соңғы тәулікте коронавирус инфекциясымен науқастанушылар тіркелмеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жалпы өңірде пандемия басталғалы індеттің 18 465 жағдайы тіркелді. Оның 9584-де симптом байқалмаған.
Облыстағы инфекциялық стационарларда 900 төсек-орын жасақталып тұр. Қазіргі таңда 774 төсек-орын бос.
Облыс аумағында 150 екпе қабылдау бекеті жұмыс істейді.
Бірінші компонентпен 1 047 304 адам вакцина салдырса, екінші құрамды 1 045 287 адам қабылдаған.
423 234 тұрғын ревакцинацияны жасатқан.
Ал, «Pfizer» вакцинасының І компонентін – 196 182 адам, II компонентін – 149 251 адам қабылдаған.
Соңғы тәулікте зертханаларда 1266 адам тексеруден өткен.