23:17, 21 Қараша 2022 | GMT +5
Түркістан облысында туған егізге Қасым және Жомарт есімдері берілді
ТҮЛКІБАС. ҚазАқпарат - Сайлау күні Түркістан облысында дүниеге келген егізге Қасым және Жомарт есімі берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Түлкібас аудандық орталық ауруханасында 31 жастағы келіншек егіз ұлды дүниеге әкелді.
Білікті дәрігерлердің қатысуымен әйелге жасалған жедел ота сәтті шықты.
Нәрестелердің салмағы - 3500 гр және 2700 гр.
Саяси науқан күні туған нәрестелерге ата-анасы Қасым және Жомарт есімдерін беруді жөн санапты.
Бүгін аурухана ұжымы мен аудан әкімдігі дүние есігін ашқан сәбидің анасын құттықтап, сый-сыяпатын табыстады.
Айта кетейік, қазір кішкентайлардың да, анасының да жағдайы жақсы.