Түркістан облысында түнгі уақытта көшеде жүрген 300-ге жуық жасөспірім жауапқа тартылды

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында түнгі уақытта заңды өкілінсіз көшеде жүрген 300-ге жуық жассөпірім жауапқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Түркістан облысында жүргізілген рейдтік жұмыстар барысында кәмелетке толмағандарға қатысты 400-ге тарта құқық бұзушылықты анықталды. Атап айтар болсақ, түнгі мезгілде кафелер мен көшелерді аралаған полиция қызметкерлері 365 жеткіншекті полиция бөліміне жеткізді. Нәтижесінде, кәмелетке толмағандарға қатысты 385 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Оның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша (балаларын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамаған ата-аналар) 16 дерек, ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабы бойынша (түнгі сағат 22:00-ден кейін ойын-сауық орындарында болуына жол берген ойын-сауық орындары) 13 құқық бұзушылық бар.

Сондай-ақ, кәмелетке толмағандарға темекі өнімін сату бойынша 4 жағдай, кәмелетке толмағандарға алкоголь ішімдігін сату бойынша 8 жайт анықталды. Түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болған 35 жасөспірім ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 1-бөлігімен, ал түнгі уақытта заңды өкілінсіз тұрғын үйден тыс жерлерде жүрген 292 жасөспірім ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 2-бөлігімен жауапқа тартылды.

Ішкі істер органдарының профилактикалық есебіне 76 жағдай тіркелді. Оның ішінде 46-сы құқық бұзушылыққа бейім кәмелетке толмаған жасөспірім болса, 30-ы қолайсыз отбасы ретінде есепке алынды.

«Қаңтар айының 30-ы мен ақпан айының 1-і аралығында «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Мұндағы негізгі мақсат - кәмелетке толмаған жасөспірімдердің мезгілсіз уақытта жүруін болдырмау, жастар қылмысы мен құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмысты азайту. Тәртіп сақшылары жасөспірімдер мен ата-аналарға ескерту жасап, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Түркістан облысының полицейлері кәмелетке толмаған жастардың түнгі уақытта көшелерде, ойын-сауық кешендерінде, дүкендер мен қоғамдық орындарда, тұрғын жайлардан тыс жерлерде заңды өкілінсіз жүруге болмайтындығын ескертеді» - делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.


Фото: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі




Соңғы жаңалықтар