Түркістан облысында үш жасар қыз суға ағып кетті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында үш жасар қыз арыққа батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркістан облысында үш жасар қыз суға ағып кетті

12 шілде күні сағат 22:30-да Түркістан облысы Келес ауданы Қызыләскер ауылында жеке үйге жақын маңда ересектердің қарауынсыз қалған 2016 жылғы бүлдіршін су ағатын арыққа құлап түсіп, батып кетті.

«Құрметті азаматтар, ата-аналар! Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар. Су айдындарында, жолда, үйде балалардың жүріс-тұрысын қадағалап, оларға қауіпсіздік ережелерін үйретіңіздер. Қас-қағым сәтте оларды жалғыз қалдырсаңыздар, өмірлеріне қауіп төнуі мүмкін», - деп ескертті ТЖК.



Автор: Ақбота Күзекбай