Түркістан облысында үй мен аулаларды жаңбыр суынан тазарту жұмысы жүріп жатыр

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Жетісай мен Мақтарал аудандарында тұрғын үйлер мен аулаларды жаңбыр суынан тазарту жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осыдан екі-үш күн бұрын толассыз жауған жаңбыр Түркістан облысындағы Жетісай мен Мақтарал аудандарының тұрғындарын әбігерге салған болатын.

Аулалар мен көшелерді, тіпті тұрғын үйлердің маңайын жаңбыр суы басып, қолайсыздық тудырды.

Қазіргі кезде Төтенше жағдай департаментінің жеке құрамы мен жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері тәулік бойы қызмет атқаруда.

«Бұл жағдай бойынша Түркістан облысы ТЖД жедел штаб құрылды. Үйлерді су басу қаупі жоқ. Жеке құрам қызметкерлері мотопомпалармен су арнасын бұру, жиналған суды сору жұмыстарын атқарып жатыр. Қазір көшелер мен аула аумақтарында су сору жұмыстары жалғасуда. Қазіргі дейін барлығы 10 000 астам текше метр су тартылды», - дейді Түркістан облысы ТЖД департаментінің баспасөз хатшысы Шыңғыс Сүлейменов.

Қос аудандағы жағдайға байланысты аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен құрылған ерікті жастар да тұрғындарға көмек көрсетіп жүр.


Соңғы жаңалықтар