Түркістан облысында вакцина алғандар саны 1 миллионнан асты

ТҮРКІСТАН.ҚазАқпарат- Түркістан облысында 1004321 адам екпе қабылдады. Ал, екінші компонентті 948789 адам салдырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістан облысында вакцина алғандар саны 1 миллионнан асты

Соңғы тәулікте Түркістан облысында 14 адамда COVID-19 індеті анықталды.

Тәуліктік өсім 0,09% құрайды. Облыста пандемия басталғалы 1 120 636 мыңға жуық ПТР- сынамалары алынған.

Қазіргі таңда жұқпалы аурулар ауруханасында барлығы 930 орын бар.

Оның 582–і бос. Пандемия басталғалы инфекциясы расталған 15 499 жағдай тіркелсе, олардың 7700-да вирус симптомсыз өткен болатын.

Бүгінде облыс тұрғындары Спутник-V, QazVac және Sinopharm вакциналарын қабылдап жатыр.